From Wikipedia, the free encyclopedia
Ткаченко Гавриил Кириллович (29 Наурыз 1922, Ақмола облысы Шортанды ауданы Николаевка ауылы – 4 Сәуір 1980, Алматы қаласы) – медицина ғылымының докторы (1964), профессор (1965). Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1972).
1942 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген.
1942–1949 жылдары осы оқу орнында ординатор, ассистент.
1949–1964 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Клиникалық және эксперименталды хирургия ғылыми-зертеу институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі.
1975–1980 жылдары директоры.
1965–1975 жылдары Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі.
1964–1980 жылдары Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министірлігінің бас хирургі қызметтерін атқарған.
«О первичной обработке случайных ушибленно-рваных ран и открытых переломов конечности (клинико-экспериментальное исследование)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері жарақат, туберкулез, т.б. ауруларды хирургиялық жолмен емдеу мәселелеріне арналған.
2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.